18 қазан күні таңғы сағат 06:00 шамасында Қызылорда қалалық полиция басқармасының “102” арнасына жергілікті тұрғыннан Сол жағалаудағы және Orda school мектебіндегі жарық бағаналарын белгісіз адамдардың сындырып кеткендігі жөнінде хабарлама түсті.
Оқиға болған жерге жедел-тергеу тобы келіп, бұзақылық жасаған күдіктілерді анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде осы іске қатысы бар екі жасөспірім анықталып, басқармаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу