38 жылдан кейінгі өзгеріс: Бразилия алты күндік жұмыс аптасынан бас тартты

200

Бұл өзгерістер қызметкерлердің жалақысына әсер етпейді.

38 жылдан кейінгі өзгеріс: Бразилия алты күндік жұмыс аптасынан бас тартты Фото: gov.br

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва алты күндік жұмыс аптасын жойып, бес күндік жұмыс аптасына көшу тәртібін белгілейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша 1988 жылғы Конституция қабылданғаннан бергі 38 жыл ішінде жұмыс уақыты алғаш рет қысқартылып жатыр. Тиісті реформа кәсіподақтар, депутаттар мен қарапайым халық қолдаған ауқымды науқанның нәтижесінде мүмкін болды. 

Өзгерістер кезең-кезеңімен күшіне енеді. 16 желтоқсаннан бастап жұмыс аптасының ұзақтығы 44 сағаттан 42 сағатқа дейін азаяды, ал 2027 жылдың желтоқсанына қарай 40 сағаттық норма бекітілмек. Еңбек министрі Луис Маринью бұл өзгерістер қызметкерлердің жалақысы мен үстемеақыларына әсер етпейтінін айтты.

Бразилия үкіметінің мәліметінше, алты күндік жұмыс кестесімен 14,8 миллион адам еңбек етеді. Жұмыс сағатының қысқаруы бұған дейін де екі күн демалып жүрген, бірақ жұмыс аптасы 44 сағатқа созылатын тағы 21,7 миллион қызметкерге де әсер етеді.

Латын Америкасында 40 сағаттық жұмыс кестесіне Эквадор, Венесуэла және Уругвай елдері ғана толық көшкен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу