Ол "380 млн теңге несие алып беруге көмектесемін" деп уәде беріп, кейін сөзінде тұрмаған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Алаяқ жәбірленушінің сеніміне кіріп, одан 3 900 000 теңге мөлшерінде қаражат алған болып шықты. Бұл қаражат 380 млн теңге көлемінде несие рәсімдегені үшін алдын ала жасалған төлемі көрінеді.
Аталған факт ҚР ҚК 190-бабы алаяқтық бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Полиция қызметкерлері алаяқтыққа әкеліп соқтыратын түрлі жағдайлардан сақ болуға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу