39 мыңнан астам кәсіпкер 10 200 жаңа жұмыс орнын ашты

639

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясындағы жобалардың 63%-ы орындалды. 

39 мыңнан астам кәсіпкер 10 200 жаңа жұмыс орнын ашты

Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "Еңбек" бағдарламасына 9 айда 494 мың адам қатысқанын мәлімдеді. 

"23 қазандағы жағдай бойынша "Жұмыспен қамтудың жол картасы" шеңберінде жобалардың 63%, яғни 4152 жоба бойынша жұмыс аяқталды. Жобалардың басым бөлігі аяқталған өңірлер – Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Қостанай облыстары. Өз кезегінде Алматы, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтанда жобалардың 80%  астамы әлі жалғасуда. Жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларының уақтылы әрі сапалы түрде аяқталуы – халықтың өмір сүру сапасына қатысты дағдарыстан кейінгі дамуға жағдай жасауды қамтамасыз ететінін еске салғымыз келеді", – деді Біржан Нұрымбетов 

Оның сөзінше, "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына 9 айда 494 мың адам қатысқан. 

"190 мың адамға бос жұмыс орындары бойынша жұмыс табуға бірден көмек көрсетілді. Ал 304 мың адам бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шаралары іске асырылды. Оның ішінде 68 мың адам кәсіпкерлік негіздерін қоса алғанда оқумен қамтылды. 39 мыңнан астам адам жеңілдетілген шағын несие мен грант ретінде кәсіпкерлікті дамытуға қолдау алып, қосымша 10 200 жаңа жұмыс орнын ашты. Субсидияланатын жұмыс орынымен 195 мың адам қамтылды", – деді ол.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу