39 жастағы ер адам мас күйінде көлік жүргізіп, қайта ұсталды

218

Бұған дейін де мас күйінде көлік басқарғаны үшін жазаланған.

39 жастағы ер адам мас күйінде көлік жүргізіп, қайта ұсталды Фото: ru.qaz365.kz

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында мас күйінде көлік басқарған 39 жастағы жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері Абай көшесінде Toyota Camry Gracia автокөлігін тоқтатқан. Медициналық куәландыру ер адамның орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

Тексеру кезінде жүргізушінің 2020 жылы мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Сол кезде сот оны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырған.

Алайда бұл шектеуге қарамастан, ер адам қайтадан мас күйінде рөлге отырған. Қазір іс материалдары сотқа жолданды, ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу