390 учаскелік полиция пункті мен 176 модульдік стационарлық бекет салынады

1175

Мәжілістегі үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер органдары жүйесінде "Жұртқа жақын полиция" қағидаты іске асырылып жатқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

390 учаскелік полиция пункті мен 176 модульдік стационарлық бекет салынады

"Жекелеген учаскелер мен адамдар көп жиналатын орындардың криминогенділігін ескере отырып, полицияның тәулік бойғы модульдік бекеттерін оңтайлы орналастыру орындарын кеңейту және айқындау, сондай-ақ "икемді" патрульдеуді енгізу іс-шарасы іске асырылуда. "Икемді" патрульдеу қағидаты құқық бұзушылықтың тиімді профилактикасын және көшелерді, саябақтарды, скверлерді, аулаларды сондай-ақ басқа да қоғамдық орындарды патрульдік нарядпен қамтуға мүмкіндік береді", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің мәлімдеуінше, күн сайын 13,5 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді. Жаяу патрульдеуге шамамен 9 мың ішкі істер органдары қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, автопатрульдеуге шамамен 4 мың ішкі істер органдарының қызметкері жұмылдырылады.

"2021-2025 жылдар аралығында 390 учаскелік полиция пунктінің және176 модульдік стационарлық бекеттің құрылысы жоспарланып отыр. Жаңа тұрғын үй кешендерінде учаскелік полиция пункттерін салу мәселесі де қарастырылуда", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу