"Ailand Astana"-ға 391 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

1327

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған "Ailand Astana" ЖШС-ға әкімшілік жаза қолданылды.

"Ailand Astana"-ға 391 мың теңге көлемінде айыппұл салынды

ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің баспасөз қызметі астаналық тұрғынның шағымынан кейін, елордадағы Ailand демалыс орталығындағы бассейн суы тексерілгенін хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Нұр-Сұлтан қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің  Есіл ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 5-11 қыркүйек арасында Ailand отбасылық демалыс орталығындағы бассейн суына тексеру жүргізген. Сараптама нәтижесінде судың санитарлық талаптарға сай еместігі анықталыпты.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған "Ailand Astana" ЖШС-ға әкімшілік жаза қолданылды, 391 375 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу