4,1 млрд теңгелік жобаға қатысты жер мәселесі шешілді

365

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы мәлім етті.  

4,1 млрд теңгелік жобаға қатысты жер мәселесі шешілді Фото: kazlawreview.kz

Мемлекет басшысының маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Алматы қаласының прокуратурасы инвестордың жер телімдерін алуға құқығын қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Прокуратураның араласуы нәтижесінде екі заманауи қонақ үй кешенінің құрылысын жүзеге асырып жатқан инвестордың құқықтары қалпына келтірілді. Соның арқасында құрылысқа қажетті жер телімдерін беру қамтамасыз етіліп, жобаларды әрі қарай іске асыруға мүмкіндік жасалды.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 4,1 млрд теңгені құрайды. Ол мегаполистің туристік әлеуетін арттыруға бағытталып, 80 жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді.

Сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы заңдылықтың сақталуын талдау барысында прокуратура Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының заңнамада көзделмеген келісімдердің жоқтығына сілтеме жасап, жер телімдерін беруден негізсіз бас тартқанын анықтады.

Тексеру барысында қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы заңнамада көзделмеген келісімдердің жоқтығына сілтеме жасап, жер телімдерін беруден негізсіз бас тартқаны анықталған.

Қадағалау актісінен кейін басқарма инвестициялық жобалар үшін екі жер учаскесін беру туралы оң қорытынды берді. Сондай-ақ жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу