"4,1 млрд теңге қажет": "Семей орманы" аумағында өртті ерте анықтау жүйесін енгізу қолдау таппаған

418

Халық қалаулысы жаңа Үкімет бұл мәселеге қолдау білдіреді деген үмітте.     

"4,1 млрд теңге қажет": "Семей орманы" аумағында өртті ерте анықтау жүйесін енгізу қолдау таппаған Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин орман өртінің шығуын ерте анықтау және оған шұғыл ден қою мәселелерін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Комитетіміздің бір топ депутаты болып тәулік бойы орманды автоматты режимде бақылайтын орман өрттерін ерте анықтау жүйесімен танысу үшін Бурабай ұлттық паркіне барып қайттық. Жүйені енгізу соңғы 3 жылда өрттер ауқымын 4 есеге, өрт ошақтарына шұғыл ден қою уақытын 3 есеге, яғни 30 минуттан 10 минутқа дейін төмендетуге мүмкіндік берген", - деді депутат Еділ Жаңбыршин. 

Сөзінше, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының орман мекемелерінде бейнебақылау жүйесі бар.

"Бірақ оларды заманауи талапқа сай жетілдіру керек Өкінішке қарай, бұл жүйе барлық ормандарда енгізілмеген. Биыл "Семей орманы" қорығы аумағында өртті ерте анықтау жүйесін енгізу үшін қажет 4,1 млрд теңге қолдау таппай отыр. Жаңа Үкімет бұл мәселеге қолдау білдіріп, ал, тиісті министрліктер мен әкімдіктер осындай жүйені өңірлерде енгізу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыруы қажет", - деп атап өтті спикер.

Мәжілісмен экология министрлігі ормандағы жағдайды бақылау үшін аэроғарыш комитетімен бірлесіп, ауа температурасы жоғары нүктелерді анықтау бойынша ғарыштық мониторингті әзірлеу керек екенін баса айтты.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу