4,3 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі пайдаланылмай қалғандығы анықталды

938

Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде аталған дәрі-дәрмектер науқастарға берілгендігі көрсетілген.

4,3 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі пайдаланылмай қалғандығы анықталды

Қазақстанның 11 өңірінде науқастар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмекті алмаған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бір жыл бұрын, 2018 жылдың наурыз-сәуірінде министрлік тарапынан мониторинг тобы құрылды. Аталған шара пациенттер тарапынан министрлікке сатып алу процесі жүргізілгендігіне қарамастан, дәрі-дәрмектерді ала алмауларына қатысты көптеген шағымның түсуіне байланысты жүргізілді", –  деді ол.

Комитет төрайымының дерегінше, еліміздің 11 өңірінде 2016-2017 жылдарға арналған 4,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі  пайдаланылмай қалып қойғандығы анықталған. Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде аталған дәрі-дәрмектер науқастарға берілгендігі көрсетілген.

"Мониторинг топтың барлық мәліметтері Бас прокуратураға берілді және өткен жылдан қазіргі уақытқа дейін өңірлерде де, министрлікте де тексеру жүріп жатыр. Осы тексерулердің қорытындысында 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды", –  деді Людмила Бұйрабекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу