4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

629

Өскеменде есепші қызмет жағдайын пайдаланып, 4,3 млн теңгені иемденіп алған, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды

Өскемен қалалық ПБ Ертіс ПБ-нің "102" жедел арнасына қаладағы ЖШС-лардың бірінің филиал басшысынан өтініші түскен. Жәбірленуші кәсіпорынның бұрынғы бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, ақша жымқырғанын айтқан. Осылайша ЖШС-ға 4,3 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп жазылған ақпарат көзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу