4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

557

Келген этникалық қазақтардың негізгі бөлігі Алматыға қоныстанды.  

4,5 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды Фото: gov.kz

1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан елімізге келген қандастардың жартысы (52,4%) Өзбекстаннан келген. Тағы 19,3%-ы Қытайдан, 6,3%-ы Түрікменстаннан, 5,3%-ы Моңғолиядан, 13%-ы Ресейден және 3,7%-ы басқа елдерден оралған.

"Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, этникалық қоныс аударушылар санының 69,1%-ы еңбекке қабілетті жаста.

Оның ішінде білім деңгейі бойынша 18,5%-ы жоғары білімді, 39,9%-ы орта кәсіби білімді, 36,7%-ы жалпы орта білімді, 4,8%-ының білімі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу