4-6 қазан аралығында еліміздің басым бөлігінде күн жылиды

601

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде күн жылиды.

4-6 қазан аралығында еліміздің басым бөлігінде күн жылиды

"Қазгидромет" РМК таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын күтілетін батыстың жекелеген аудандары мен оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарын қоспағанда, негізінен құрғақ ауа райы күтіледі. Түндегі суыққа қарамастан ауа күндізгі уақытта біртіндеп жылынады.

Солтүстікте сынап бағанасы күндіз 8-13-тен 15-20 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде 15-20-дан 20-25 градус жылыға дейін көтеріледі. Елдің батысы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы 15-23 градус, шығысында және Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында 5-13 градус жылы болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу