4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

958

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев құрылыс саласы дамуына қатысты мәлімдеме жасады. 

4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді Фото: inbusiness.kz

Әсет Ерғалиевтің айтуынша, құрылыс саласы жоғары қарқынды өсімді көрсетіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,3%-ға ұлғайды. Батыс Қазақстан облысын қоспағанда, барлық өңірде оң көрсеткіш тіркелді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жақсы өсімі Түркістан, Қызылорда және Қостанай облыстарында және Алматы қаласында байқалды", – деді министр. 

Әсет Ерғалиевтің сөзінше, тұрғын үй құрылысы белсенді жүріп жатыр.  
Қаңтар-сәуір аралығында 4,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

"Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға жоғары. Ең жоғары көрсеткіш Шымкент қаласында, Атырау және Павлодар облыстарында тіркелді", – деді ұлттық экономика министрі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу