Қаралы оқиға Түркістан облысы, Арыс қаласында тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Апат салдарынан 4 адам, соның ішінде 2 кішкентай бала мен айы-күні жақындаған жүкті әйел қаза тапқан.
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, тағы 2 адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Алдын ала ақпарат бойынша, көлікті 52 жастағы әйел басқарған. Ол мектепте жұмыс істейді, ал бос уақытында адамдарды тасымалдаумен айналысқаны белгілі болды. Сараптама қорытындысына сай, жүргізуші әйел мас күйінде көлік жүргізген.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Қылмыстық кодексіне сәйкес, мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жағдайда күдіктіге өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.