4 ай бойы жұмысшыларға жалақы төлемей келген мердігер компанияның ісі сотқа жолданады

1018

4 ай бойы жұмысшыларға жалақы төлемей келген мердігер компанияның ісі сотқа жолданады

Астанада 4 ай бойы жол жөндеген 100-ден аса жұмысшы жалақысын ала алмай жүр, деп хабарлайды kaztrk.kz .

"Респект-Строй" компаниясының шілдеден бері қоластындағы қызметкерлерге төлемеген еңбекақысының көлемі 65 млн теңгеге жетіп отыр. 

Тапсырыс сәуір айында жергілікті әкімдік тарапынан берілген. Тендерді ұтып алған бас мердігер - "Энергодор" серіктестігі. "Престиж", "Галара", "Респект-Строй" сынды компаниялар қосалқы мердігер ретінде тартылған. Осы бірнеше серіктестік бір-біріне өзара қарыз, сол қарыз өтелмейінше, жалақыны төлей алмаймыз дейді.

"Жұмыс барысында 148 млн теңге артық шығын шыққан. Құрылыс саласының заңы осы. Әр істеген ісіңе жауап бересің. Бұл жерде бір түсініспеушілік бар. Біз ақ-қарасын анықтаймыз. Жұмысшылар жалақысыз қалмайды", - дейді "Galara" ЖШС бас директоры Артем Ринг.

Еңбек инспекциясы да бұл жағдаймен таныс. Ұжымдық шағым қараша айында келіп түскен. Тексеріс жүргізіліп, еңбек құқының бұзылғанын анықтаған. Содан бері мердігер компания инспекция тарапынан берілген талапты орындамай келеді.

"29-желтоқсанға дейін өз еркімен төлеу талабымен нұсқама берген болатынбыз. Алайда, олар бұл уақытқа дейін нұсқаманы орындаған жоқ. Соған байланысты біз материалдарды сотқа жолдаймыз", - дейді Астана қалалық ұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Мақсат Дүйсенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу