4 айда 872 жаңа басқару нысаны құрылды

940

Ақпанда елімізде 1 735 жаңа нысан құрылған болатын.

4 айда 872 жаңа басқару нысаны құрылды

2021 жылдың сәуірінде Қазақстанда 2 мыңнан аса жаңа басқару нысаны құрылды. Бұл туралы "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

"Биыл 19 сәуірдегі жағдай бойынша 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында орналасқан. Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында тіркелді", - деді Нұрбек Серіков ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның сөзін "Қоғамдық қорғаушы" ҮЕҰ Алматы қалалық филиалының төрағасы Талғат Мұхамедгалиев толықтырды.

"Алматы жаңа басқару нысанын құру көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Бүгінде жаңа 355 нысаны құрылды. Оның 180-інін тіркеуге біз көмектестік", - деді төраға.

Еске салайық, 2020 жылы Тұрғын коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша, тұрғын үйді басқарудың жаңа формасы – "бір үй - бір мүлік иелерінің бірлестігі" механизмі пайда болды. 

Өткен жылдан бастап елімізде тұрғын үйді басқарудың нысандары өзгерді. Енді пәтер иелерінің кооперативі (КСК) мүлік иелері бірлестігін (МИБ - ОСИ) алмастырады. Көппәтерлі үйдің тұрғындары мүлік иелері бірлестігі арқылы ақшаның қалай жұмсалғанын бақылап, күрделі жөндеуге қаржы жинауға мүмкіндік алады. 

Сондай-ақ 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін пәтер иеленушілер кооперативі (КСК) басқарушы немесе қызмет көрсетуші компаниялар болып қайта құрылуы керек.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу