4 айда Қазақстаннан Түркияға 65 млрд теңге жіберілген

941

Биыл 4 айда елімізден шетелге 3 есе көп ақша аударылған.

4 айда Қазақстаннан Түркияға 65 млрд теңге жіберілген

2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстаннан Түркияға 65 млрд теңге жіберілді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

4 айда елімізден шетелге халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 275,9 млрд теңге жіберілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 82,5%-ға артық. 

Шетелден 91,9 млрд теңге алынды: бір жылдағы өсім – 13,6%. 

Биыл қаңтар-сәуірде Қазақстаннан шетелге 3 есе көп ақша жіберілді.

4 айда жіберілген ақшаның 85%-ы немесе 233,1 млрд теңгесі 4 елдің үлесінде: Түркия (65,1 млрд теңге), Ресей (63 млрд теңге), Өзбекстан (56,1 млрд теңге), Қырғызстан (48,9 млрд теңге).

Шетелден алынған қаржының жартысынан көбі 3 елге тиесілі: Ресей (18,4 млрд теңге), Өзбекстан (16,3 млрд теңге) және Оңтүстік Корея (13,8 млрд теңге).

Ресей мен Өзбекстанға 3,4 есе, Қырғызстанға 4,2 есе, Түркияға 16,9 есе көп ақша жіберілген.

Шетелге жіберілген ақшаның басым бөлігі "Золотая Корона" ақша аударым жүйесі арқылы жіберілген: 227,8 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 94,4%. Қалған жүйелерге 17,4% немесе 48,1 млрд теңге тиесілі.

Алынған ақша көлемі бойынша "Золотая Корона" тағы көш басында:
51,9 млрд теңге, бір жылдағы өсім – 37,8%. Western Union-ға 22,4 млрд теңге (+7,8%), MoneyGram-ға – 11,5 млрд теңге (+11%) тиесілі.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу