Ақтау қаласының прокуратурасы балалар және спорт алаңдарына бөлінген қаражаттың жұмсалуын 4 айға жуық уақыттан бері тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Lada.kz редакциясы Ақтауда балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарының құрылысы аяқталмай қалғанына байланысты жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы ақпарат сұрап, қалалық прокуратураға ресми сауал жолдаған.
Қадағалау органының жауабында аталған мәселелер бойынша заңдылықтың сақталуына жүргізіліп жатқан талдау әлі аяқталмағаны хабарланған.
– Барлық конкурстық және бастапқы есепке алу құжаттары сұратылды. Талдау аяқталғаннан кейін оларға құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның мәліметінше, қала аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында, – делінген Ақтау қаласының прокуроры Даулбай Челпеков қол қойған жауапта.
Жаза кеткен жөн, маусым айында тұрғындардың балалар ойын және спорт алаңдарының құрылысы аяқталмағанына қатысты шағымдарынан соң Ақтау қаласының прокуратурасы тексеруді бастағаны хабарланған еді.