4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушылар пункті салынады

911

Отандық тасымалдаушылардың халықаралық нарықтағы үлесі 49% жеткізіледі.

4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушылар пункті салынады

2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында автомобиль көлігі саласында оң өзгеріс болады. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

Оның сөзінше, автомобиль көлігі саласында 2025 жылға дейін өңірлерде 4 автовокзал, 6 автостанция және 33 жолаушылар пункті салынады.

"Министрлік отандық тасымалдаушылардың халықаралық нарықтағы үлесін 49% жеткізуді жоспарлап отыр. Биыл жолаушылар тасымалының көрсеткішін өткен жылмен салыстырғанда 2,5%, жүк тасымалы мен жүк айналымының көлемін 1,5% арттыру көзделген. Ұлттық стандартқа сәйкес келетін автовокзалдар мен автостанциялардың санын көбейту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәсіпкерлерді ынталандыру шаралары әзірленіп жатыр", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу