4 баланы судан аман алып шыққан қостанайлық марапатталды

155

Бұл туралы Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.  

4 баланы судан аман алып шыққан қостанайлық марапатталды Фото: Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Қостанай тұрғыны балаларды құтқарғаны үшін медальмен марапатталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Тобыл өзенінде балаларды құтқару кезінде көрсеткен батырлығы мен жоғары азаматтық жауапкершілігі үшін Қостанай қаласының тұрғыны Андрей Цимбал "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" ведомстволық медалімен наградталды.

Награда Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде салтанатты түрде табысталды. 

– Сіздің іс-әрекетіңіз-айналадағы адамдарға үлгі. Сіз балалардың өмірін құтқарып қана қоймай, қиын уақытта адам болып қалудың қаншалықты маңызды екенін көрсеттіңіз. Мұндай әңгімелер нағыз батырлар біздің арамызда өмір сүретінін еске салады, – деді ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов.

Оқиға 2025 жылғы 31 мамырда Андрей Цимбал Тобыл өзенінде балық аулауға барған сәтте болған. Ол бір топ балалар ересектердің қарауынсыз жабдықталмаған жерде шомылып жүргенін көреді. Кенеттен ағыс балаларды алып кете бастады. Андрей бір секунд та ойланбастан суға секіріп, қатты ағыс пен шектеулі көріну жағдайында төрт баланы жағаға шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу