4 бастамашыл топ партия құруға ниетті

513

4 бастамашыл топ партия құру үшін құжаттарды Әділет министрлігіне тапсырды. 

4 бастамашыл топ партия құруға ниетті Фото: el.kz

Бұл туралы ведомствоның тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтерді ұйымдастыру департаментінің директоры Алан Тіленшиев ОСК баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Әділет министрлігінің дерегінше, 2023 жылғы 31 қаңтарда Әділет министрлігіне "Қазақстан Халық Конгресі" Интернационалдық демократиялық партиясын құру ниеті туралы хабарлама келіп түсті. Ұсынылған құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша ведомство сол күні аталмыш партияның құжаттарды ұсынғаны туралы растама берілді.

Айта кету керек, бүгінде республика бойынша 7 саяси партия тіркелген. Атап айтқанда, "Amanat", "Ақ Жол", Қазақстан Халық партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия", Қазақстандық Жасылдар партиясы "Байтақ" және "Respublica".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу