4 елді мекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

720

4 елді мекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты 4 ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында су деңгейінің көтерілуіне байланысты 4 елді мекеннің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, орталық аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері, ҚР ІІМ ТЖК медицина орталығының психологтары бастаған топтың күшімен су басу қаупі бар Большая Малышка, Барневка, Ольшанка, Долматово ауылдарының халқы қауіпсіз жерге көшірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу