"4-қабатта балконда ілулі тұрған": 7-сынып оқушысы бес жасар баланы құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды

441

Астаналық тұрғын үй кешендерінің бірінде № 31 мектеп-гимназиясының 7 "д" сынып оқушысы Ақан Әкімжанов ерлік жасады. 

"4-қабатта балконда ілулі тұрған": 7-сынып оқушысы бес жасар баланы құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды Фото: Астана қаласының әкімдігі

20 мамыр күні Ақан аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды.

"Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірді", - деп хабарлады Астана әкімдігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу