№4 қалалық клиникалық аурухана штаттық режимде жұмыс істеп тұр

664

Алматы қаласы комендатурасы ресми хабарлама таратты. 

№4 қалалық клиникалық аурухана штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті шерушілер №4 қалалық клиникалық аурухананы қиратып жатыр деген ақпарат расталмағанын, емхана басшылығы орнында екенін, кезекші бөлімшелер әдеттегідей жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

“№4 қалалық клиникалық аурухана штаттық режимде жұмыс істеп, шұғыл медициналық көмек көрсетуде. Бас дәрігер Сағи Бейсенбеков бастаған емхана әкімшілігі мен ұжымы оқиға орнында жұмыс істеуде”, – деді аурухананың баспасөз қызметі.

Бұл ретте Алматы қаласы комендатурасы ресми хабарлама таратты.

“Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Өкінішке орай, тәртіпсіздіктерді жақтаушылар қалаға орасан зор шығын келтіріп, тәртіпті қалпына келтіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарының заңды әрекеттеріне тойтарыс берді. Экстремистер тонаумен айналысады, кәсіпорындарға зиян келтіреді. Оның үстіне, олар бейбіт тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіреді, емханалар мен ауруханаларды зақымдайды”, Алматыдағы бандиттердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы шетелде шындап дайындықтан өткенін айғақтайды.

Олардың Қазақстанға шабуылы – басқыншылық әрекет, мемлекеттің тұтастығына нұқсан келтіру әрекеті.

Еске сала кетсек, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ серіктестерінен көмек сұрады. Бұл шара мемлекетті сыртқы қауіптерден қорғау үшін қажет. Қалада тәртіп орнату мақсатында лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды. Алматы қаласының комендатурасы тұрғындарды сабырға шақырып, қоғамдық қауіпсіздікті орнатуда құқық қорғау органдарына көмек көрсетуге шақырады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу