4 күндік жұмыс аптасы туралы заң Парламент қарауына енгізілмек

604

Жұмыс беруші еңбек шартында 4 күндік жұмыс аптасын белгілей алады.  

4 күндік жұмыс аптасы туралы заң Парламент қарауына енгізілмек Фото: egemen.kz

Осы жылдың желтоқсанында 4 күндік жұмыс аптасын енгізу туралы заң жобасы Парламентке енгізіледі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бізде тиісті түзетулер Әлеуметтік кодекс жобасында қарастырылған. Бүгінде бұл кодекс жобасы мемлекеттік органдардан қолдау тауып, Үкіметке енгізілді. Заң жобалау жоспарының тізіміне сәйкес, тиісті заң жобасы биыл желтоқсанда Парламентке енгізілуі тиіс", - деді министрдің орынбасары А.Мұқанова.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Ашық НҚА" порталында "Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жарияланған еді.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдан бастап жұмыс берушіге 5 және 6 күндік жұмыс аптасымен қатар, 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге де мүмкіндік берілмек. Өзгеріс заңның 71-бабына жеке тармақ болып енгізіледі: Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында 5 күндік немесе 6 күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу