"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтеді және 3 кезеңнен тұрады:
- кешенді тестілеу
- тәуелсіз сарапшы комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу
- кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.
"Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер 2 негізгі құжатты ұсынуы тиіс: "Болашақ" бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындар тізіміндегі шетелдік университеттен шақыру, сондай-ақ нәтижесі кемінде B1 деңгейіндегі мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы" делінген министрліктің Telegram парақшасында.