4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастайды

1513

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бүгін осындай шешім қабылдады.  

4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастайды

Ал 4 мамырдан бастап елімізде шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастайды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Алдағы дүйсенбіден бастап жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлеріне кеңірек тоқталсақ. Аумағы 500 шаршы метрге дейін болатын азық-түлік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін ғана жұмыс істеуі шарт. Олардың қатыранда: фотосалондар мен гүл сататын дүңгіршектер де бар.

Ал сұлулық салондары азаматтарға тек жазылу бойынша қызмет көрсетуі керек. Медицина орталықтары мен стоматологиялық клиникалар да дәл солай. Жұмыс істеуіне рұқсат алдандардың қатырында: жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялар, адвокаттар мен нотариустар да бар.

Сондай-ақ, шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар мен айырбастау пункттері де мамырдың 4-інен жұмысқа кіріседі. Айта кетейін, дүйсенбіден бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға да рұқсат етіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу