4 миллион доллар жымқырғаны үшін іздеуде болған адам АҚШ-тан қайтарылады

984

4 миллион доллар жымқырғаны үшін іздеуде болған адам АҚШ-тан қайтарылады

Ақша жымқырғаны үшін іздеуде болған "Самсунг Электроникс" ЖШС бұрынғы қызметкері АҚШ-тан Қазақстанға депортацияланды, деп хабарлады today.kz.

 

"Қазақстанның бас прокуратурасы мен АҚШ-тың құзырлы органдарының арасындағы серіктестіктің арқасында алаяқтықпен 4 миллион доллар жымқырғаны үшін іздеуде болған "Самсунг Электроникс" ЖШС бұрынғы қызметкері Наурызбаевтың Қазақстанға оралуы мүмкін болды. Ол бүгін Қазақстанға берілді ", - делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Ақпаратта Наурызбаевқа АҚШ-та иммиграциялық мәртебе беру туралы өтініш қанағаттандырылмай, Қазақстанға депортацияланғаны, құқық қорғау органдарымен қамауға алынғаны айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу