4 миллионнан астам қойы бар Алматы облысында ет және тері өңдейтін зауыт жоқ

971

4 миллионнан астам қойы бар Алматы облысында ет және тері өңдейтін зауыт жоқ

Алматы облысында ет өңдейтін және тері өңдейтін зауыт жоқ. Алайда өңірде 4 миллионнан астам қой бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талдықорғанда облыс әкімінің халық алдындағы есебі жалғасуда. Қазір тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып жатыр. Тұрғынның бірі облысқа тері өңдейтін және ет өңдеу зауытын салу мәселесін көтерді.

"Мен әкім болып тағайындалғалы осы мәселені жиі ойлаймын. Көршілерімізге тері тиын-тебенге өткізіліп, жөнелтіліп жатқанын білемін. Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі таңда Алматы облысында индустриалды аймақтар салынған. Мәселен, "Береке" индустриалды аймағында германияның "Бауман" компаниясы ірі ет өңдейтін зауыт салады. Бұл кәсіпорынның 100 жылдық тарихы бар.  Әрине, облысқа ет өңдейтін және тері өңдейтін зауыт қажет. Біз бұл мәселені шешеміз", - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұрғынның сұрағына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу