4 млн бетперде тәркіленді

952

Карантин режимін бұзған 137 адамның үстінен іс қозғалды.

4 млн бетперде тәркіленді

Заңсыз саудаланған4 млн-нан астам бетперде және 13 мың литр антисептик тәркіленді, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

"Төтенше жағдай жарияланған уақыттан бері елорда мен Ақтөбе облысында бетперделер мен антисептиктерді заңсыз сатқан 40 адамның үстінен әкімшілік іс қозғалды. Жалпы заңсыз әрекетке барғандардан 4-млн-нан астам бетперде мен 13 мың литр антисептик тәркіленді. Енді олар денсаулық сақтау саласының мамандарына беріледі", – деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар өткен тәулікте карантин режимін бұзған 137 адамның үстінен Әкімшілік кодекстің 476 бабы бойынша іс қозғалып, оның 89-ы қамауға алдынды.

"Олардың барлығы заң бұзушылыққа барғанын мойындады. Кейбірі ойға келмейтін әрекет жасаған. Мәселен, Қарағанды облысында бұрынғы әйеліне емхана терезесінен кірмек болған азамат 10 күнге тұтқындалды. Ал ол Германиядан келіп, ауруханада карантинде жатқан", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу