4 млн теңгенің малын ұрлап сатқан адам қамауға алынды

1050

Оқиға Қарағанды облысында болды. Жергілікті тұрғын құны 4 млн тұратын өзгенің ірі қарасын әлдекімдерге сатып жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 млн теңгенің малын ұрлап сатқан адам қамауға алынды

Белгілі болғандай, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданына қарасты шаруа қожалығының  басшысы аудандық полиция бөліміне жайылымнан 5 бас ірі қарасы жоғалғанына шағымданған. Осыған байланысты қылмыстық кодекстің 188-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Шет, Ақтоғай аудандарының полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ұрланған малдарды сатып алған адамдарды анықтап, ұстады. Олар ұрланған ірі қараны кімнен алғандарын айтты. Осының ізінше 
полиция күдікті 45 жасар ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. 
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу