4 млрд теңге айыппұл: ҚТЖ отандық зауытқа қойған талаптан бас тартты

75

Бұл ақпаратты бас көлік прокуратурасы таратты.  

4 млрд теңге айыппұл: ҚТЖ отандық зауытқа қойған талаптан бас тартты Фото: Depositphotos.com

Бас көлік прокуратурасы отандық өндіруші "Востокмашзавод" АҚ-ны "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС тағайындаған көпмиллиардтық негізсіз айыппұлдан қорғады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Аталған іс 2022 жылдан бері созылып келеді, ол кезде компания жүк жіберуші, жүк алушы, жолдардың немесе вагондардың иесі болмаса да "Теміржол көлігі туралы" заңның 49-бабының нормаларына қарамастан, вагондардың тоқтап тұрғаны үшін айыппұл төлеу туралы ескерту алады.

Бас көлік прокуратурасының ұсынуы бойынша, жалпы сомасы 4 млрд теңгеге жуық негізсіз есептеулер алынып тасталып, заңсыз тәжірибе тоқтатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу