4 мыңға жуық адам коронавирустан айықты

613

248 науқастың жағдайы өте ауыр.

4 мыңға жуық адам коронавирустан айықты

Елде 4 мыңға жуық адам COVID-19-дан айықты, де хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 3 865 адам коронавирустан жазылды. Осылайша, барлығы 797 768 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2 411 жағдай тіркелді. Пандемия басталғалы бері COVID-19 жұқтырғандар саны 867 366 жетті.

22 қыркүйектегі мәлімет бойынша 67 404 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

"Олардың ішінде 12 105 пациент стационарда, 55 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1000 адамның жағдайы ауыр, 248 пациенттің жағдайы өте ауыр, 143 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар коронавирус пен пневмониядан 59 адам көз жұмды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.

"Сары аймақта": Шымкент қаласы, Атырау, Алматы,  Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан облыстары.

"Жасыл аймақта": Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Сондай-ақ Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 372 086 адам, екінші компонентін 6 247 031 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу