4 мыңға жуық бала пошта байланысы арқылы оқып жатыр

975

Екінші оқу аптасы қалыпты жағдайда өтті.

4 мыңға жуық бала пошта байланысы арқылы оқып жатыр

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова қашықтықтан оқытудың екінші аптасы қалай өткені жайлы баяндайды.

"Екінші оқу аптасының барлық мектептерде қалыпты жағдайда өтіп жатқанын көріп отырмыз. Қашықтықтан оқытудың бірнеше форматы ұсынылған болатын. Осы аптаның деректеріне көз жүгіртер болсақ, 2,4 млн оқушы мен мұғалім интернет платформаларды пайдаланып жұмыс істегенін байқаймыз. "Күнделік" жүйесінде де белсенді жұмыс жүруде. Телеканалдар арқылы 850 мыңнан  астам оқушы күнделікті сабағын оқып жатыр. Мұғалімдер оқушыларымен электронды журналдар, месенджерлер арқылы кері байланыс орнатты. Штаттық режимде 25 мыңнан астам оқушы 433 мектепте білім алуда. Пошта байланысы арқылы оқып жатқан оқушылардың саны 4 мыңға жуық. Барлық мектеп жұмысын жалғастыруда. Жергілікті атқарушы органдар, әкімдіктер оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда. 250 мың мұғалім мен оқушыға мектептердегі компьютер таратылып берілді. Бүгінгі күні 11 мыңнан астам жаңадан компьютер сатып алынды. Олар да оқушылар мен мұғалімдерге таратылып берілді", – деп айтып өтті вице-министр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу