4 мыңға жуық қазақстандық ағза алмастыру кезегінде тұр

509

Бүгінгі таңда ағза трансплантациясын күту парағында 3 961 реципиент тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

4 мыңға жуық қазақстандық ағза алмастыру кезегінде тұр Фото: canva.com

Кезекте тұрғандардың басым бөлігіне бүйрек ауыстыру қажет – 3 613, 184 адам – бауыр, 145 адам – жүрек, 14 адам – өкпе, 5 адам өкпе-жүрек кешенін ауыстыру кезегінде тұр.

"Қазақстан халқына" қорының төрағасы Болат Жәмішев Қазақстанда өлімнен кейінгі азға донорлығы өзекті мәселе екенін айтып жүр. Министрлік ағза донорлығының мұндай түрі неге бәсеңдеп кеткенін бірнеше себеппен байланыстырады.

"2020 жылы кодекске марқұм көзі тірісінде ағзасы мен тіндерін трансплантацияға пайдалануға келісетінін немесе қарсы екенін білдірмеген болса, жұбайы (зайыбы), ол болмағанда жақын туыстарының бірі келісімін бере алатыны туралы өзгеріс ұсынылып, БАҚ-та түрлі пікір туындаған. Сондай-ақ, трансплантолог дәрігерлердің қатысуымен өткен негізсіз сот істері ағза донорлығын жылына 5-7 отаға дейін күрт төмендетіп жіберді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу