4 мыңға жуық отбасыда "Ата-ана бақылауы" қызметі орнатылды

797

4 мыңға жуық отбасыда "Ата-ана бақылауы" қызметі орнатылды

Атырауда балаларды ғаламтордың зиянды әсерінен қорғау үшін прокуратураның бастамасымен байланыс саласы мамандары жасаған "Ата-ана бақылауы" бағдарламасы орнатылады, деп хабарлайды qazaqtimes.com..

Өткен жылы прокуратура 100-ден астам жат діни, ұлттық, нәсілдік араздыққа шақыратын сайттардың қызметін тоқтатқан. Облыстық басқарма қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жасалған діни сараптаманың нәтижесіне сәйкес, осындай сайттардың ақпаратына қаныққан жастардың 60 пайызы өз көзқарасын өзгертеді екен. Прокуратура жүргізген мониторингтен кейін ғаламтор кеңістігінде ҚР Конституциясы мен өзге құқықтық нормативтік актілеріне қайшы келетін 74 аудиожазба, қолдан қару және жарылғыш заттар жасауға үйрететін 21 бейнежазба, сот шешімімен экстремистік деп танылған 10 материал анықталды.

Қазір өңірде "Қазақтелеком" АҚ қолдауымен, барлық абоненттерге "Ата-ана бақылауы" қызметін қосу жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде "Ата-ана бақылауы" қызметі 4 мыңға жуық отбасыда орнатылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу