"4 мыңнан аса ойық табылды": Алматыда жолды сапасыз салғандар жазаланды

179

Мегаполисте жол жұмыстарының сапасына бақылау күшейтілді.  

"4 мыңнан аса ойық табылды": Алматыда жолды сапасыз салғандар жазаланды Фото: polisia.kz

Алматыда полиция департаменті мен тиісті қызметтері жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімдеріне бақылауды күшейтіп, заң бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2025 жылдың 8 айында жолдарға 2 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеге 140 әкімшілік хаттама толтырылған.

2 мыңнан астам құқық бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді, жол жамылғысы мен инфрақұрылымдардан 4 мыңға жуық ақау анықталды.

Жолдарды салу мен күтіп ұстау кезінде бұзушылықтарға жол берген мердігер ұйымдар мен лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Міндетті түрде орындалуы тиіс нұсқамалар берілді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тұрақты мониторинг жүргізілуде.

– Біздің ортақ мақсатымыз – Алматы тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы, жол-көлік оқиғаларын азайту және заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру. Мен барлық жол қозғалысына қатысушыны ережелерді сақтауға, мұқият әрі бір-біріне құрметпен қарауға шақырамын. Тек бірлесе отырып, біз жолдарымызды қауіпсіз әрі ыңғайлы ете аламыз, – деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Қылышбаев.

2025 жылдың соңына дейін шағынаудандарда 120 шақырымнан астам жол, тротуар, веложолдар салынып, жөндеуден өтеді, сондай-ақ аялдама кешендері мен жерүсті өткелдері орнатылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу