ҰҚК: 4 мыңнан аса балық Каспий теңізіне жіберілді

898

ҰҚК Шекара қызметі ресейлік мамандармен бірлесіп, Каспий теңізінде 109 броконьерді ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz

ҰҚК: 4 мыңнан аса балық Каспий теңізіне жіберілді

Биыл 30 сәуірде Қазақстанның мемлекеттік органдары (ІІМ және экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі) және Ресей ФҚҚ Шекара қызметі бірлескен браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды аяқтады.

"Рейдтер барысында шекара кеңістігінде 109 броконьер мен 52 түрлі жүзу құралы ұсталды. Заңбұзушыларға 2,6 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Жалпы ұзындығы 300 шақырымнан асатын браконьерлік аулау құралдары тәркіленді. 575 бекіре, 4 803 ұсақ тұқымды балық, 43 итбалық табиғи мекендеу ортасына жіберілді", – деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан
хабарламада.

Нәтижесінде, ҰҚК Шекара қызметі мемлекетке 1 млрд теңге залал келтірудің алдында алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу