4 мыңнан аса жұмыссыз азамат қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді

1079

4 мыңнан аса жұмыссыз азамат қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді

"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында биылғы жылдың сәуір айынан бері 4275 жұмыссыз азамат қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді. Бүгінгі бүнге 1730 адам оқуды аяқтап, соның 741-і жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласында "ТАТЭК" АҚ, "Қайнар" ЖШС, "Байтұрғанов" ЖК, Қапшағай қаласында "КНАУФ Гипс Қапшағай" ЖШС, Талғар ауданында "Байсерке Агро" ЖШС. Аталмыш өндірістік базаларда курс тыңдаушылары электромонтер, электрослесарь, аккумуляторшы, ірі қараны қолдан ұрықтандыру технигі, нэйл стилист, визажист, шаштараз кәсіптері бойынша тәжірибелерін шыңдайды.

Биылғы жылы осы оқу орталықтарының базасында 200 адамға оқыту курсы ұйымдастырылмақ. Бүгінгі күні жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары тарапынан аталмыш мамандықтарға оқытуға деген жұмыс берушілердің сұраныс деңгейі анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу