Көктайғаққа байланысты еліміздің 4 облысында автожолдар жабылды.
Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, Қарағанды облысында кеше сағат 21.30-дан бастап автокөліктің барлық түрлері бойынша қозғалыс шектелген. Павлодар облысында да түнгі сағат 23.55-тен бастап жолдар жабылған. Сондай-ақ, Ақмола облысында да 23.00-ден бастап автокөліктің барлық түрлері үшін "Екатеринбург-Алматы" тас жолының Аршалы кентінен Қарағанды облысына дейінгі аумағындағы қозғалыс шектелген. Аталмыш жолдардың қашан ашылары белгісіз дейді құтқарушылар. Өйткені ауа-райы әлі қолайсыздық тудыруда.
Бұған қоса бүгін Семей мен Павлодар аралығындағы жол да көктайғаққа байланысты жабылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу