4 облыста қатты аяз күтіледі

271

Ауа температурасы -40 градусқа дейін жетуі мүмкін.

4 облыста қатты аяз күтіледі Фото: vr-vyksa.ru

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау және Абай облысында қатты аяз күтіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап. 

Жезқазған мен Ұлытау облысында қарлы боран соғып, бұрқасын болжанады. 

Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман түседі. Ал, Түркістан және Қызылорда облыстарында екпінді жел 15-20 м/с дейін жетеді. Салдарынан автожолда көрініс шектелуі мүмкін. 

Жетісу облысының таулы аймақтарында аяз -27 градусқа жетіп, 15-20 м/с дейін екпінді жел соғады. 

"Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!
Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу