4 облыста республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

423

Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады. 

4 облыста республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді Фото: Дзен

19 ақпан сағат 11.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.  

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 79 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. "Алматы-Ташкент-Термез" - Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін).

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу) 

1. "Үшарал-Достық" - Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);
  
Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" -Ұлытау обл.шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін)

Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, көрінуді шектеу) 

1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау кенті-Қостанай обл.шек (барлық көлік үшін)

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға  653 бірлік техника және 1453 адам жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу