4 облыста республикалық маңызы бар 5 автомобиль жолдарында еріген судың тасқыны анықталды

498

Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

4 облыста республикалық маңызы бар 5 автомобиль жолдарында еріген судың тасқыны анықталды Фото: azh.kz

1. Абай облысы

"Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғаз" автожолының 707-941 шақырымы, жеңіл автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылған. Жолдың 878 және 923 шақырымында диаметрі 1 м болатын бірұңғылы құбыр мен екі қабатты көпір бар.

Жолдың өту мүмкіндігін сақтау мақсатында филиал мамандары жол жиектерін нығайту, қаптарды төсеу және жасанды жағалаулар жасау жұмыстарын жүргізуде. Жұмысқа 7 бірлік техника жұмылдырылған, соның ішінде жүк тиегіштер, самосвалдар және автогрейдерлер.

2. Ақтөбе облысы

1) "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 288 шақырымы. Жолдың осы учаскесінде диаметрі 1,5 м болатын бірұңғылы су өткізгіш құбыр бар.

Су тасқынын алдын алу үшін 650 құм салынған қап төселіп, қосымша 480 тонна құм жеткізілді. Су тасқынының салдарын жою үшін 5 жол жұмысшысы және 3 бірлік мамандандырылған техника (МТЗ, тиегіш, Камаз) жұмылдырылды.

2024 жылғы 27 наурызда сағат 20:15-те "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-ырғыз" автожолының 3-92 шақырым учаскесінде авто көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2) "Самара-Шымкент" автожолының 613 шақырымы. Жолдың осы учаскесінде диаметрі 1,5 м болатын екіұңғылы құбыр бар.

2024 жылғы 28 наурызда сағат 08:40-та Самара-Шымкент жолының 526-618 км учаскесінде жеңіл автокөліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды. Су тасқынын алдын алу мақсатында 200 құм салынған қап төселіп, қосымша 40 тонна құм әкелінді. 5 адам мен 2 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ жол жамылғысын нығайту мақсатында 110 тонна құм мен 450 құм салынған қап әзірленді. Суды ағызу үшін мотопомпа пайдаланылды. 15 адам мен 7 техника жұмылдырылды.

3. Қостанай облысы

"Жезқазған-Петропавл" автожолының 269 шақырымы (Жазғызтал ауылынан 28 км).

Жолдың осы учаскесінде диаметрі 2,5х2 м болатын үшұңғылы тюбингті құбыр бар. Көлік қозғалысына шектеу қойылмаған. 

Уақытша жол белгілері мен сигналдық бағаналар орнатылды. Жол төсемін оқшаулау үшін көлемі 150 текше метр болатын инертті материал (ағаш жаңқалары, қиыршық тас) дайындалды. 3 бірлік техника мен 9 адам жұмылдырылды. 

4. Ұлытау облысы

"Ақшатау-Ортау-Бидайық" автожолының 189 шақырымы (Бидайық ауылы). Жолдың осы учаскесінде диаметрі 70 см болатын бірұңғылы құбыр бар. Көлік қозғалысына шектеу қойылмаған.

Жылжымалы апаттық жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. 4 бірлік техника мен 5 адам жұмылдырылды.

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түрлі жұмыстар атқарылып, 610 бірлік техника мен 1558 адам жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу