4 облыста сырқаттану көрсеткіші 1,4 есеге дейін өсті

687

Мектепке дәстүрлі форматта баратын оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша 15 028 жағдай тіркелді. Бұл туралы үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

4 облыста сырқаттану көрсеткіші 1,4 есеге дейін өсті

"Инфекция тасымалдаушылармен байланыста болған адамдар арасында 1 317 науқас анықталды. Бұл – ауырған оқушылардың жалпы санының 8,7%-ы. Қазан айының соңғы 2 аптасында оқушылар арасындағы сырқаттану көрсеткіші 1,3 есе төмендеді", – деді бірінші вице-министр. 

Марат Шорановтың сөзінше, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Түркістан облыстарында сырқаттану көрсеткіші өршіп тұр.  

"Ошақтарда 159 мың байланыста болған адам анықталды. Оның ішінде 0,8%-да немесе 1 317 COVID-19-дың оң нәтижесі тіркелді. Сырқаттанудың 1,4 есеге дейін өсуі байқалып отыр", – деді министрдің бірінші орынбасары.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу