4 облыста жаңа алма бақтары салынады

1003

Жыл сайын 144 мың тонна алманы сырттан импорттаймыз.

4 облыста жаңа алма бақтары салынады Фото: inbusiness.kz

2024 жылы ішкі сұранысты толықтай отандық алмамен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Бұл туралы Ауыл шурашылығы министрі Сапархан Омаров Үкіметтің отырысында айтты. 

"Бүгінгі таңда алманы жалпы тұтыну көлемі 344,3 мың тоннаны, импорт 144 мың тоннаны құрайды. Ішкі нарықты 6,6 мың га алаңда жаңа қарқынды бақтар салу есебінен молықтыру болжанып отыр. Жаңа бақтар отырғызуды негізгі бақ өсіретін өңірлер: Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары және Шымкент қаласында шоғырландыру ұсынылады. Жыл сайынғы бақ отырғызу көлемі орта есеппен 2 мың га болады, бұл толық жеміс беруге біртіндеп шыға отырып, алмаға деген тапшылықты жойып, 2024 жылы өз-өзімізді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу