4 өңірде ауыл халқын ауыз сумен қамту деңгейі төмен

979

Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов 2025 жылға дейін еліміздің барлық өңірі сапалы ауыз сумен толық  қамтамасыз етілуге тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

4 өңірде ауыл халқын ауыз сумен қамту деңгейі төмен

"Бұл міндет "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылады", – деді министр. 

Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, өткен жылы елдегі сумен жабдықтау қызметіне қолжетімділік 94,1%-ды құрады. Оның ішінде: ауылдарда – 90,1%, қалаларда – 97,5 %.

"Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш ауылдарда – 91,8%, қалаларда – 98%-ға жетуге  тиіс. Қазір өңірлерде таза суға қолжетімділік әртүрлі деңгейде. Ауыз сумен қамту деңгейі 3 өңірде: Атырау, Алматы, Қызылорда облыстарында жоғары. Жекелеген өңірлерде артта қалу байқалады. Ауыл халқын ауыз сумен қамту деңгейі 4 өңірде төмен. Олар: Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары", – деді министр. 

Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін көрсеткіштері төмен өңірлерге басымдық беріліп, қаржы қарастырылады.  

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу