4 өңірде медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу пилоттық жобасы іске қосылды

1407

4 өңірде медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу пилоттық жобасы іске қосылды

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  үкімет отырысында мемлекеттік бағдарламаның 7 бағытына негізделген "Денсаулық сақтау саласын жаңғырту" бойынша 6 жобаның іске асырылуы жайында айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Министр алғашқы бағытты іске асыру шеңберінде жоспарланған 25 шараның 24-і орындалды дейді.

"Қызметтің институционалдық негізі қаланды, халықаралық әріптестермен бірлесе жасалған жол картасы іске асырылуда. Қоғамдық денсаулық сақтау бойынша негізгі жұмыс ең алдымен созылмалы инфекциялық емес аурулардың профилактикасына және халықтың арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Балалардың денсаулығын сақтауды сабақтастыру үшін мектеп медицинасы білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне берілді, сонымен бірге мектепте тамақтандырудың бірыңғай стандарттары мен суицидтің алдын алу бағдарламасы енгізілуде", - деп мәлімдеді ол.

Ал 2-бағыт шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекке (МСАК) қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша дәрігерлік учаскелер мен жалпы практика дәрігерлерінің саны ұлғайды, 6 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсету үшін 149 педиатриялық учаске құрылған.

Сондай-ақ қалған бағыттар бойынша жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

"Денсаулық сақтауды цифрландыру мақсатында 4 өңірде медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу пилоттық жобасы іске қосылды, медициналық ұйымдарды ақпараттық жүйелермен қамту 75,5% құрады, компьютерлермен қамтамасыз ету 2,5 есе артты. Интернетке қол жеткізу медициналық ұйымдардың 56%-да бар. Қарағанды облысында қағазсыз денсаулық сақтау жобасы сәтті іске асырылып жатқанын атап кеткен жөн, оның шеңберінде 70 мыңнан астам адам мобильді қосымшаларды пайдалануда. Биыл  қалған барлық өңірлер қағазсыз құжат жүргізуге ауыстырылатын болады", - дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу