4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берді

461

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берді

Сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы. Жалпы Президент сайлауында 8 млн 299 мыңнан астам адам дауыс берді.

Константин Петровтың дерегінше, аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметке сәйкес, өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

Абай облысы бойынша – 80,18,

Ақмола облысы бойынша – 78,87,

Ақтөбе облысы бойынша – 72,81,

Алматы облысы бойынша – 72,10,

Атырау облысы бойынша – 70,87,

Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67,

Жамбыл облысы бойынша – 79,57,

Жетісу облысы бойынша – 81,42,

Қарағанды облысы бойынша – 78,39,

Қостанай облысы бойынша – 79,28,

Қызылорда облысы бойынша – 81,7,

Маңғыстау облысы бойынша – 66,99,

Павлодар облысы бойынша – 77,58,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,1,

Түркістан облысы бойынша – 80,37,

Ұлытау облысы бойынша – 75,48,

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49

Астана қаласы бойынша – 48,60,

Алматы қаласы бойынша – 28,72,

Шымкент қаласы бойынша – 59,79 пайыз.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу