4 өңірде жаңа әкім тағайындалады

1198

5 қыркүйек күні еліміздің 4 өңірінің мәслихаттарында облыс әкімін тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша жиналыс өтеді, деп жазады inbusiness.kz.

4 өңірде жаңа әкім тағайындалады Фото: abai.kz

Атап айтқанда, Ақмола облысында депутаттар жиналысы сағат 10.00-де өтеді.

Жамбыл облысында жиын уақыты сағат 11.00-ге белгіленген. 

Ақтөбе облысының жаңа басшысын тағайындауға келісім беру мәселесі сағат 13.00-ге, ал Шымкент қаласының әкімі бойынша жиын сағат 15.00-де өтеді деп жоспарланған.

Айта кету керек, Жамбыл облысының бұрынғы басшысы Нұрлан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды. Ал Ақмола облысының бұрынғы әкімі Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу